Microsoft корпорациясының алғашқы ноутбуктері сатылымға шығарылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft корпорациясы алғаш рет шығарып отырған Surface Book ноутбугі бес күн ішінде сатылып кетті, деп хабарлайды MarketWatch.

Құрылғы 6 қазанда таныстырылған соң оған компания сайты арқылы тапсырыс беру мүмкін болды. Қазіргі кезде бұл ноутбуктердің келесі партиясы сатылымға қашан шығатыны қосымша хабарланатыны айтылды. Лэптоптар құны - $1499-дан $2099 дейін. Сонымен, Surface Book-тың алғашқы партиясы 5 күн ішінде сатылып кетті, себебі алғашқы сатылымдарға оның аздаған данасы ғана шығарылған.