Microsoft корпорациясы 9 мың қызметкерін жұмыстан босатады

Фото: pixabay

АСТАНА. KAZINFORM – Microsoft корпорациясы биылғы екінші қысқарту толқынында 9 мың қызметкерін жұмыстан босатады, деп хабарлайды  Report

Компания өкілінің айтуынша, мұндай өзгерістер «нарықта компанияның орнын барынша тиімді ету үшін қажет».

Еске сала кетейік, биылғы бірінші қысқарту толқыны 2025 жылғы мамырда өтті, ол кезде кемінде 6 мың қызметкер жұмыстан шығарылған. Ал маусым айында тағы 300 адам жұмыстан кетті.

Associated Press агенттігінің мәліметінше, 2024 жылы Microsoft компаниясының қызметкерлер саны шамамен 228 мың адам болған. Олардың шамамен 55 пайызы АҚШ-та жұмыс істеген.

Айта кетейік, бұған дейін Amazon бас директоры Энди Джесси компанияның жұмыс процестеріне жасанды интеллект технологиясын енгізгендіктен, алдағы бірнеше жылда қызметкерлерін қысқартатынын мәлімдегенін жаздық.