Microsoft «Office 2010» бағдарламасын жарыққа шығарды

АЛМАТЫ. Мамырдың 14-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ -Microsoft компаниясы жаңа Microsoft Office 2010, Microsoft SharePoint 2010, Microsoft Visio 2010 және Microsoft Project 2010 бағдарламаларының дайын болғандығы туралы жариялады,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Microsoft Қазақстан компаниясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Компания өкілдері жаңа өнімдерінің үнемді әрі жылдам ойлауға қабілетті екендігін айтып отыр. «Forrester Consulting" компаниясы жүргізген зерттеулерге сүйенсек, 2010 жылғы бағдарламалық топтамалар 3 жылдың ішінде 13 миллион долларға дейін үнемдеуге мүмкіндік бермек. Жаңа Microsoft Office 2010-ның ерекшелігі - бағдарлама компьютерді, смартфондармен және интернет браузерлермен жұмыс істеуге қабілетті. Тегін сынақтық нұсқасы қазірдің өзінде қолжетімді бағдарлама 14 тілде шығарылған. Алдағы уақытта 94 тілге аударылмақ. Ал қазақ тіліндегі нұсқасы 2010 жылдың аяғына таман пайда болады. Компания өкілдерінің айтуынша, бағдарламалық топтаманың сынаққа арналған 1 айлық тегін нұсқасын компания сайтынан көшіріп алуға болады.