Microsoft пен Nokia альянс құрды

АСТАНА.  Тамыздың  13-і. ҚазАқпарат - Microsoft пен  Nokia «ұялы  телефондардың    табыстылығын  арттыру» мақсатында альянс  құрғандарын   мәлім етті,  деп  хабарлайды  РСН агенттігі.

Қос  компания    Nokia смартфондарына арналған бағдарламалық  қамтамасыз  етулер саласындағы   дизайн,     жаңа шешімдер  маркетингі  бойынша    ынтымақтастыққа   «дереу»    кірісіп  отыр.

Атап айтқанда, Symbia  операциялық  жүйелі Nokia телефондарына Office қосымшаларын,    басқа да бірқатар  бизнес-қосымшалар  орнату  туралы сөз болып отыр.