Microsoft-пен жасалған мәміледен кейін Nokia акциясы 47%-ға өсті

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - Финляндиялық ұялы телефондарды өндіруші Nokia компаниясының акциясы сейсенбі, 3 қыркүйекте, сауда-саттықтың ашылуында 47%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Халықтық IPO сайтының ресми сайты.

Бұл Microsoft компаниясымен мәміле жасалды деген хабардан кейін орын алды.

Nokia акциялары 4,36 еуроға дейін өсті, алайда күні кеше ғана, 2 қыркүйекте, оның бір бағалы қағазы 3 еуродан төменге сатылған еді. Қаржы компаниясы үшін бағамының осындай өсімі рекордты болып табылады.

Белгілі болғанындай, Microsoft компаниясы Nokia-дан 7,17 млрд. долларға үялы телефондарды өндіру бизнесін сатып алады. Компания ұялы телефондар мен смартфондар өндіру жөніндегі Nokia-ның осы бизнесіне 3,79 млрд еуро, сондай-ақ Nokia патенті үшін 1,65 млрд. еуро (ағымдағы бағам бойынша сома - 7,17 млрд долларды құрайды) төлейді. Microsoft-пен жасалған мәміле 2014 жылдың бірінші тоқсанында жабылады деп күтілуде.