The Verge басылымы боттың өзгерісі мен әрекетін басқалардың жазбасынан үйрену тетігінде жатыр деп санайды. Tay боты Twitter желісіндегілердің жазбаларынан үйренеді әрі ұдайы оған жақсы туит жазбаларды түсе бермейді.
Чат-ботты жасауға Microsoft Technology, Research мен Bing компаниялары атсалысты. Бот пайдаланушылармен әңгімелесуге қабілетті, сұрақтарға жауап береді, суреттерді комменттеп, әзіл айта алады.
Айналасына тіл тигізе бастаған жасанды интелект ауыздықталды, кейін Tay басқаларды «жақсы көретіндігін» жазды. Алайда біраздан соң ол «адамдар, әңгіме көбейіп кетті ең дұрысы ұйқыға кету» деп мәлімдеді.