Microsoft-тың жаңа планшеттері сатылымға Жаңа жыл қарсаңында түседі

АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft компаниясы Surface Mini және Surface 3 RT жаңа планшеттерін жыл соңына дейін жұртшылыққа ұсынбақ, деп хабарлайды TK Tech News.

Аты айтып тұрғандай, Surface Mini Windows 8.1-ге негізделген жинақы планшет түрінде болмақ. Оның дисплейінің диагоналі 7,5 дюймді құрайды. Алайда онда Windows-тың толыққанды платформасы мен Windows RT мобильдік нұсқасының қайсысы пайдаланылатыны әзірге белгісіз.

Ал Surface 3 RT қазіргі Surface Pro 3-тің қарапайымдандырылған нұсқасы болмақ. Оның дисплейі - 10 дюйм, ОС мобильдік нұсқасымен жұмыс жасайды. Жаңа өнімдер сатылымға Жаңа жылдың алдында шығарылады.