Microsoft: Windows-тың соңғы нұсқасы Windows 10 болмақ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Microsoft корпорациясының Windows операциялық жүйесінің соңғы нұсқасы оның 10-шы нұсқасы болмақ.

Мicrosoft-тің жаңа әзірлемелерінің жетекшісі Джерри Никсон осы жазда шығарылады деп күтілетін Windows 10 пайда болғаннан кейін операциялық жүйе тұрақты негізде жаңартылып отыратынын, алайда Windows-тың жаңа нұсқасы болмайтынын мәлім етті. Мәлімдемеде Windows 10 нұсқасы жүйенің соңғы дербес нұсқасы болатыны айтылады. Компания әзірге Windows-тың орнына қолданылатын жаңа жүйенің қалай аталатыны жайлы шешім қабылдамады. Сонымен, Gartner компаниясының вице-президенті Стив Клейнханс Windows 11 жүйесінің жасалмайтынын айтты.