«Бүгін біз көлік жасаудың әлемдік көшбасшыларының бірі - «Мицубиси» компаниясымен әріптестік туралы келісімге отырдық. Осы компанияның көліктері автошеру болып Қазақстанның барлық аймақтарын қамтитын елеулі жобалардың бірі - Азиада-2011 Алау эстафетасында еріп жүреді», - деп атап өтті 7-ші Қысқы Азия ойындарының Алау эстафетасы астаналық дирекциясының директоры Наиль Нуров.
19:00, 19 Шілде 2010
«Мицубиси Моторс» Азиада-2011 Алау эстафетасының ресми әріптесі мәртебесіне ие болды
СТАНА. Шілденің 19-ы. ҚазАқпарат /Мұрат Жәкеев/ - «Мицубиси Моторс» жапон компаниясы ҚР барлық аймақтарында өткізілетін Азиада-2011 Алау эстафетасының ресми әріптесі мәртебесіне ие болды. Әріптестік келісімге қол қою салтанатты шарасы бүгін Астана қаласында «Қазақстан - Ресей - Финляндия» автошеруінің басталуы кезінде өтті.