«Мидтьюлланд» - «Астана» арасындағы ойын тікелей эфирде көрсетіледі

АСТАНА. ҚазАқпарат - 1 тамыз күні сағат 22:50-де УЕФА Чемпиондар Лигасының іріктеу кезеңі аясында даниялық «Мидтьюлланд» пен елордалық «Астана» командалары арасындағы жауапты ойынды «Qazsport» арнасы тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Айта кетейік, бір апта бұрын «Астана-Аренада» өткен кездесуде елордалық клуб Ласло Кляйнхайслердің қос голының арқасында 2:1 есебімен жеңіске жеткен болатын.