Зерттеу жұмысына ерікті түрде қатысқандардың барлығына рулетка ойнау ұсынылды. Ойын нәтижесі бойынша Кембридж университетінің зерттеу тобының жетекшісі Люк Кларк пен оның әріптестері құмар ойындарға әуес адамдардың маңдайы мен самайының арасын бөліп тұрған миының гипербелсенді екенін анықтады.
Дәл осы бөліктің аса белсенділігі ойын кезінде адамдарды қателестіреді. Яғни, ол кезде адамдар жүлдені жеңу бұған дейінгі ойынның нәтижесіне байланысты еместігін түсінбейді.
Осы орайда, доктор Кларк құмар ойынға әуестікті төмендету үшін мидың аталған бөлігінің жұмысын бәсеңдетумен байланысты әрі оны арнайы терапияның көмегімен емдеу керек деп есептейді.