Бұл туралы бүгін ҚР Қорғаныс министрлігінде өткен брифинг барысында ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштерінің Бас қолбасшысы, авиация генерал-лейтенанты Александр Сорокин мәлім етті.
«Қазіргі кезде ҚР Қорғаныс министрінің бұйрығымен мемлекеттік комиссия құрылды»,- деді ол.
А.Сорокиннің атап өтуінше, МиГ-31 ұшағына күрделі жөндеу жасаған Ржев қаласындағы авиажөндеу зауытының мамандары, РФ ұшу қауіпсіздігі қызметінің мамандары және РФ Авиация өнеркәсібі министрлігінің өкілдері шақырылған.
«Олар біздің мемлекеттік комиссиямен бірлесіп, авиациялық апаттың себеп-салдарын тексереді. Комиссия жұмысының нәтижелері туралы, апаттың себептері жайлы қосымша хабарланады», - деді Бас қолбасшы.