«Мигрант» іс-шарасы барысында 253 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды

None
КӨКШЕТАУ. Қаңтардың 24-і. ҚазАқпарат /Жанмұрат Жанайдаров/ -«Мигрант» жедел іздестіру іс-шарасы барысында елімізде заңсыз жүрген 253 азамат әкімішілік жауапкершілікке тартылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облыстық көші-қон басқармасына сілтеме жасап. Шара аясында 90 оқу орны мен 30 базарда бақылау жұмыстары жүзеге асырылды. Сот шешімімен көші-қон заңын аяқасты еткен 15 шетелдік азаматтар елден аластатылып, 47-сі жауапкершілікке тартылды, екеуіне қатысты қылмыстық іс қозғалды. Заңсыздыққа жол бергендердің басым бөлігі - еш құжатсыз тұрып жатқандар. Полицейлердің іс-әрекеті нәтижесінде іздеуде жүрген 16 адам анықталған, олардың екеуі - қылмыскер, 14-і сот шешімін орындаудан бас тартып жүргендер болып шықты. Камерун Республикасының азаматы шұғылданған іс-әрекетін елінің мәдениетін насихаттауға келгендігімен түсіндірмек болған. Ал өзі еш тіркеуден өтпеген. Осы факті бойынша іс сот қарауына жіберілді.