«Мигрант» операциясының барысында 94 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды - Ақтөбе облысы

None
АҚТӨБЕ. Ақпанның 25-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - «Мигрант» операциясының барысында Ақтөбе облысында 94 шетелдік азамат әкімшілік жауапқа тартылды, оның 13-і - алыс шетелдің, 81-і - жақын шетелдің азаматтары,

деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінің өкілдері бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Ол азаматтар 394-ші бап бойынша - «таңдаған мекен-жайлары бойынша тұрмағандары және белгіленген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан шықпағандары үшін» - жауапқа тартылып отыр. 25 адам ел аумағынан аластатылса, тұлғалары анықталғанша, тағы 23 адам уақытша жайғастыру орталығына орналастырылды.

Ақпанның 24-26-сы аралығында өтіп жатқан «Мигрант» операциясының негізгі мақсаты - облыс аумағында заңсыз келіп, тұрып жатқан шетелдіктерді анықтау, шетелдік жұмыс күштерінің заңсыз әкеліну фактілерінің жолын кесу.