Мигрант Швейцарияға чемоданға жасырынып аттанған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Эритреялық мигрант танысының жүгі ретінде чемоданға жасырынып, Швейцарияға аттанған. Мақсатқа қол жетуге де болар еді, бірақ қатты қиналған ер адам шыдай алмай дауыс шығарған.

 Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.

Жолаушылар полицейлерге чемоданнан шыққан қиналысқа толы дауыс жайлы айтқан. Бұл кезде оның танысы қорыққаннан әжетханаға жасырынған көрінеді.  Құқық қорғаушылар оны да тауып, екеуін де пойыздан алып қалды. Мигранттар Италияға қайтарылды.

Олар ешқандай құжатсыз Ұлыбританияға жетуді жоспарлаған, деп жазады life.ru.