Бұл мәліметтермен журналистерді Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуанышбек Жұманов апталық брифингте таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның айтуынша, шара аясында 1 мың 92 шетелдік еліміздің аймағынан аластатылып, құжаттары жоқ 1 мың 567 азамат арнайы қабылдау орындарына орналастырылған. Сондай-ақ көші-қон заңдарын бұзғаны үшін 30 қылмыстық с қозғалып, шетелдік жұмыс күшін тарту және оларды пайдалану тәртібін бұзған еліміздің 394 азаматы тәртіптік жауапқа тартылған. «Бұл ретте айта кететін мәселе, операция барысында тек Астана мен Алматының өзінен 2 мың 718 көші-қон заңдарын бұзушылар анықталды. Ал жыл басынан бері көш-қон тәртібін бұзған 133 мың азамат әкімшілік жауапқа тартылды», деді департамент бастығы.
Естеріңізге сала кетейік, «Мигрант» операциясын тәртіп сақшылары Ішкі істер министрінің арнайы бұйрығы негізінде елімізге келетін шетелдіктердің жүріп-тұру әрекеттерін қатаң бақылауға алу мақсатында ұйымдастырды. Аталмыш шараға
10 мыңнан астам тәртіп сақшылары мен құзырлы мемлекеттік орган өкілдері тартылып отыр.