Михаэль Шумахер есін жиды

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Формула-1» додасының жетi дүркiн чемпионы Михаэль Шумахер есін жиды және қазiргi уақытта Гренобльдегi клиникадан сауықтыру орталықтарының бiрiне жеткiзiлдi, деп хабарлайды германиялық БАҚ спортшының менеджерi Сабина Кемге сiлтеме жасап.

"Михаэль сауықтырудан өту үшiн CHU Grenoble клиникасынан шықты. Ол ендi комада емес", - дейдi Кем.

Оның сөзiне қарағанда, спортшының жанұясы мен туған-туыстары барлық дәрiгерлерге және медбикелерге, Михаэльдi тау шатқалында өмiрiне араша түскен құтқарушыларға үлкен алғыс айтады.

"Оның отбасы сонымен қатар Михаэльдiң сауығып кетуiне тiлектес болған барша қауымға да ризашылығын бiлдiредi. Сiздер оған үлкен көмек жасадыңыздар. Болашақта оның сауығуы қоғамның қатысуынсыз өтетiндiктен, бұл жайтқа түсiнiстікпен қарауға шақырамын", - делінген оның БАҚ-қа таратқан хабарламасында.