«Формула-1» автокөлік жарысының жеті дүркін әлем чемпионы Лозаннадағы клиникадан биылғы жаздың аяғына дейін өз үйіне жеткізілетін болады.
Айта кетейiк, 45 жасар Шумахер жарты жылға жуық уақыт жасанды комада жатқан болатын. 16 маусымда дәрiгерлер оның комадан шыққандығын мәлiмдедi және ол Гренобльдағы ауруханадан Лозаннадағы сауықтыру орталығына жiберiлдi. Оның зайыбы Кориннаның айтуынша, Михаэльдің жағдайы біртіндеп жақсарып келеді.