Аргентинаның Ole басылымы хабарлағандай, Шумахердің байлығы миллиард долларға бағаланып отыр. Оның қазынасының негізін қымбат көліктер мен жүлдеге келген сыйлықтар, сондай-ақ «демеушілік» келісімшарттары құрайды. Михаэль Шумахердің есімі 2012 жылы спорт әлеміндегі табысы жағынан америкалық гольфші Тайгер Вудстан кейін екінші орынға қойылған-ды.
Өсиетхаттың шарты бойынша шабандоз өлген жағдайда мұраға қалған миллиард еуро оның жұбайы мен екі баласына тең бөлініп беріледі.