Шумахердің денсаулығына байланысты одан басқа ол ештеңе айтпады. Алайда менеджер бұрынғы спортшының «біртіндеп есін жинап, айналасында болып жатқан құбылыстарды сезетінін» атап өтті. «Демек, оның жағдайы жақсарады дегенге бізде сенім бар», - деп қосты Кем.
Еске сала кетсек, Франциядағы Мерибельде 2013 жылғы 29 желтоқсанда тау беткейінде шаңғы теуіп жүрген Шумахер құлап, басынан ауыр жарақаттанған болатын. 45 жастағы шабандоз содан бері Гренобль госпитальдарының бірінде ес-түссіз жатыр.