Михаил Горбачев жол-көлік оқиғасына ұшырады
02:29, 04 Сәуір 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Михаил Горбачевтің көлігі Мәскеудің солтүстік-батысында соқтығысып қалды, деп жазады Би-би-си.
Оқиға жұма күні орын алған. Бұрынғы КСРО-ның президентін қызметкерлері ол жерден басқа көлікпен алып кеткен. Екі көлік иесі де дін аман.