Михаил Калашников 95 жасқа қараған шағында өмірден озды
09:08, 24 Желтоқсан 2013
АСТАНА. 24 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ижевскідегі Удмуртияның республикалық клиникалық-диагностикалық орталығының жансақтау бөлімінде белгілі автомат құрастырушысы Михаил Калашников 95 жасқа қараған шағында өмірден өтті,
деп хабарлады Утро.ру.
Михаил Калашниковтың есімі әлемге АК-47-автоматы құрастырылғаннан кейін танылды. Бұл қару Кеңес әскерінің қару-жарағына 1949 жылы қабылданды. Сол уақыттан бері оның бірнеше нұсқасы жасалды, жалпы алғанда шамамен 70 миллионға жуық «калашников» шығарылды. Оны құрастырушы - Ресей Батыры, екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, 15-тен астам орден мен 20 медальдің иегері, Сталин сыйлығының лауреаты Михаил Калашников.
Марқұмды туған-туыстары Ижевскіде жерлеу туралы шешім шығарды.