Михаил Калашников ауруханаға түсті

АСТАНА. 18 қараша. ҚазАқпарат - Атақты өнертапқыш, автоматты қаруларды құрастырып шығарған Михаил Калашников Ижевскіде денсаулығының нашарлауына байланысты ауруханаға жатты.

«2013 жылдың 17 қарашасында денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты танымал құрастырушы Михаил Калашников ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады бүгін Удмуртия президенті мен үкіметінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметіндегілер қазіргі уақытта барлық қажетті диагностикалық зерттеулер мен емнің жүргізіліп жатқанын нақтылады.

Михаил Калашников 1919 жылы 10 қарашада Алтайда дүниеге келген. Өзінің танымал автоматын 1947 жылы құрастырған. Содан бері әлемде 70 миллионнан астам автоматтың сан түрі құрастырылды, деп хабарлады ИТАР-ТАСС.