АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 121-ракеткасы Михаил Кукушкин Кэри (АҚШ) челленджер турнирінің 1/8 айналымына шықты.
Қазақстандық теннисші бастапқы кездесуін дүниежүзілік рейтингіде 900-орында тұрған 19 жастағы америкалық Купер Уильямспен өткізді.
Бірінші партияда корт иесі шеберлік танытты – 7:5. Есесіне бұдан кейін Кукушкин камбэк жасай алды – 6:4, 6:4.
Екі жарым сағатқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 3 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың төртеуін құр жіберген жоқ. Уильямс 8 эйс, 3 брейкпен көзге түсті.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 99-ракеткасы, ресейлік Аслан Карацевпен таласады.
Аталмыш дода 17 тамызда мәресіне жетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын қазақстандық жасөспірім теннисшінің Германиядағы турнирде үздік шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).