Михаил Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалында ұтылып қалды

Фото:
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 296-ракеткасы Михаил Кукушкин АҚШ-тың Тайлер қаласында өткен челленджер турнирінің финалында ұтылып қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші финалда әлемнің 187-інші, осы жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Николас Морено Де Альборанмен бас жүлде үшін кортқа шықты.

Дәл осы теннисшіні бір апта бұрын Литтл-Рок қаласындағы додада қазақстандық Бейбіт Жұқаев 6:2, 6:7 (1:7), 7:6 (7:5) есебімен ұтқан еді.

Бұл жолы бірінші партияда тай-брейкте М.Кукушкин сәттірек ойнады – 7:6 (10:8).

Екінші сетте тай-брейкте америкалық спортшы еш мүмкіндік қалдырмады – 7:6 (7:0).

Үшінші, шешуші партияда есеп 5:4 болған мезетте америкалық теннисші матчты брейкпен түйіндеді – 6:4.

Үш сағат 10 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында М.Кукушкин 5 эйс жасап, 7 брейк-пойнттың біреуін ғана өз есебіне жазды. Қарсыласы эйс санын 19-ға жеткізіп, 6 брейк-пойнттың екеуін пайдаланып кетті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ига Швентектің Ролан Гаррос турнирінің чемпионы атанғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың финалына шықты.

Новак Джокович «Үлкен дулыға» турнирін 23 рет ұтып, рекорд орнатты.