Михаил Кукушкин АҚШ-тағы жарыстың жартылай финалына жолдама алды

Фото: Фото: ktf.kz
АСТАНА. ҚазАқпарат – Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Блумфилд Хиллс (АҚШ) челленджер турнирінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 180-інші, жарыстың 3-ракеткасы, америкалық Денис Кудламен шеберлік байқасты.

М.Кукушкин 6:4, 6:1 есебімен оңай жеңіске жетті.

Бір сағат 18 минутқа созылған бәсеке барысында Михаил 5 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін мүлт жіберген жоқ. Қарсыласы 2 эйс, 1 брейкпен шектелді.

Михаил Кукушкин финалға шығу үшін әлемнің 240-ракеткасы, тағы бір америкалық Теннис Сандгренмен таласады.

Әлемнің 138-ракеткасы Тимофей Скатов бүгін Карлсруэ (Германия) челленджер додасының жартылай финалында рейтингте 145-орындағы чилилік Алехандро Табиломен кездеседі.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтік алғаш рет Уимблдонның төртінші айналымына шыққанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ қазақстандық жас теннисшілер Тегерандағы доданың финалына өтті.