АЛМАТЫ. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 111-ракеткасы Михаил Кукушкин Алматы ATP 250 турнирінің іріктеу сайысын сәтті аяқтады.
Қазақстандық теннисші іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингіде 198-орында тұрған ресейлік Алибек Качмазовтың меселін қайырды.
Бірінші партияда Кукушкин 5:0 есебімен алға кетіп, қарсыласына бір гейм ғана берді – 6:1. Екінші сетте есеп 2:2 болғаннан кейін Михаил қарқынын үдетті – 6:2.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 9 брейк-пойнттың төртеуін өз есебіне жазды. Качмазов 4 эйспен шектелді.
Осылайша, Михаил Кукушкин негізгі жарысқа жолдама алды.
Алматыда алғаш рет өтіп жатқан ATP 250 турнирінде М.Кукушкиннен басқа Қазақстаннан Александр Шевченко, Бейбіт Жұқаев және Тимофей Скатов өнер көрсетеді.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның әлемдік рейтингіде 22-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Путинцева Қытайдағы турнирде қарсыласын ойсырата жеңіп, екінші айналымға шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).