Бұл 38 жастағы М.Кукушкиннің спорттық мансабындағы соңғы жарысы еді.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 133-ракеткасы, 22 жастағы грекиялық Стефанос Сакелларидиспен кездесті.
Бірінші партияда грекиялық спортшы 4:2 есебімен алға шыққанымен, М.Кукушкин таразы басын теңестірді. Содан кейін тай-брейкте таразы басын өзіне аудара білді — 7:6 (7:4).
Екінші сетте де қарсыластар брейкпен алмасты. Ақыры тай-брейкті қазақстандық теннисші эйспен түйіндеді — 7:6 (7:3).
Екі сағат 12 минутқа созылған тартысты бәсекеде Кукушкин 1 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың үшеуін пайдаланды. Сакелларидис 9 эйс, 3 брейкпен (8 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 39-ракеткасы, грекиялық Стефанос Циципас немесе рейтингіде 82-орындағы америкалық Александр Ковачевичтің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Юлия Путинцеваның Қытайдағы турнирдің іріктеу сайысын жеңіспен түйіндегенін жазған едік.
Елена Рыбакина Қытайдағы турнирде чемпиондық атағын қорғай ала ма, осы жөнінде де хабарланды.