Тізімнің басында швейцариялық Роджер Федерер тұр, ол Испания теннисшісі Рафаэль Надальды екінші орынға ығыстырды. Үздік үштікті германиялық Александр Зверев түгендеді.
Қазақстанның ТОП-100 қатарына ілінген жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 96-орыннан 91-орынға көтерілді. Үздіктер жүздігіне ең жақын отандасымыз Александр Бублик (141-орын) те екі сатыға жоғарылаған.
10:37, 14 Мамыр 2018
Михаил Кукушкин ATP рейтингінде бес саты жоғарылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) рейтингінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды Sports.kz.