Испандық Рафаэль Надаль әлемнің бірінші ракеткасы болып қалып отыр, екінші орында - швейцариялық Роджер Федерер, көшбасшылар үштігін хорват Марин Чилич тұйықтады.
ТОП-100-дегі Қазақстанның жалғыз өкілі Михаил Кукушкин 92-орынды сақтап қалды.
Біздің елімізден ТОП-100-ге жақын спортшы Александр Бублик 146-орыннан 145-ке көтерілді.