Михаил Кукушкин Дубай турнирін жеңіспен бастады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Дубай турнирінің (БАӘ) алғашқы кездесуінде қарсыласын тізе бүктірді, деп жазады gotennis.ru.

Әлемнің 84-ракеткасы Михаил Кукушкин осы рейтингте 63 орында тұрған өзбекстандық Денис Истоминмен кездесті. Есеп - 7/5, 7/6(3).

Dubai Duty Free Tennis Championships додасының екінші айналымында жерлесіміз австралиялық Ник Киргиос пен словак Мартин Клижан кездесуінде жеңіске жеткен теннисшімен кордқа шығады.