Михаил Кукушкин Франциядағы жарыста қарсыласын қапы қалдырды

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 263-ракеткасы Михаил Кукушкин Лилль (Франция) челлендер турнирінде негізгі жарысқа жолдама алды.

Қазақстандық спортшы іріктеу сайысының финалында рейтингіде 293-орындағы чехиялық Гинек Бартонмен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда тай-брейкте чехиялық теннисші басымдылық танытты — 7:6 (7:5). Бұдан кейін Кукушкин ойын тізгінін қолына алып, камбэк жасай алды — 6:2, 7:6 (7:3).

Екі сағат 45 минутқа созылған тартысты бәсекеде 38 жастағы М.Кукушкин 4 эйс, 4 брейкпен (6 брейк-пойнт) көзге түсті. Бартон 15 эйс жасап, 10 брейк-пойнттың тек екеуін пайдаланды.

Қазақстандық теннисші іріктеудің жартылай финалында жапониялық Джеймс Кент Троттерді 7:6 (7:4), 4:6, 7:6 (7:4) есебімен жеңген болатын. Бұл кездесу де тартысты өтіп, 2 сағат 40 минутқа созылды.

Лилль жарысының жүлде қоры 203,9 мың еуроға бағаланған. Жеңімпаз 30 460 еуроға қоса 125 рейтингілік ұпайға қол жеткізеді.

Михаил Кукушкиннің келесі қарсыласы кейін белгілі болады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Доха турнирінің чемпионы атанғанын жазған едік.

Дубай турнирінде Елена Рыбакина өткен жылғы нәтижесін жақсарта ала ма, соны да хабарладық.

Анна Данилина әлемдік рейтингіде жеке рекордына қол жеткізді.