АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық, әлемнің 165-ракеткасы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турниріне жолдама алды.
Іріктеу сайыстарының 1-ракеткасы болып тіркелген қазақстандық теннисші алдымен грузиялық Николоз Басилашвилиді 6:2, 6:2 есебімен жолдан тайдырды.
М.Кукушкин іріктеу сайыстарының финалында рейтингте 320-орындағы франциялық Лорен Локолимен кортқа шықты.
Бірінші партияда қазақстандық теннисші 4:1 есебімен алға кеткен сәтте Л.Локоли матчты жалғастырудан бас тартты.
Осылайша, М.Кукушкин негізгі турнирге өтті.
Тағы бір қазақстандық Тимофей Скатов іріктеу сайыстарының жартылай финалында италиялық Сальваторе Карузоға 4:6, 1:6 есебімен жол беріп, жарыстан шығып қалды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Әмір Омархановтың жасөспірімдер арасында әлемдік рейтингіде 12-орынға көтерілгенін жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).