Михаил Кукушкин Испаниядағы турнирдің екінші айналымына шықты

Фото: Фото: ҚТФ

ОРАЛ. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 262-ракеткасы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 225-ракеткасы, америкалық Мартин Дамды қапы қалдырды.

Михаил Кукушкин 6:4, 7:6 (7:2) есебімен басым түсті.

Бір сағат 22 минутқа созылған бәсеке барысында ол 3 брейк-пойнттың біреуін пайдаланды. М.Дамм эйс санын 15-ке жеткізді.

Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 235-ракеткасы, франциялық Жоффри Бланканомен шеберлік таластырады.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның «Үлкен дулыға» турнирін жеңіспен бастағанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Денис Евсеев Испаниядағы турнирде кезекті жеңісіне қол жеткізді.

Дмитрий Попко Аргентинадағы екінші жарысты сәтті бастады.