АСТАНА. KAZINFORM - Танымал қазақстандық теннисші, әлемнің 165-ракеткасы Михаил Кукушкин Тенерифе (Испания) челленджер турнирінің жартылай финалына шықты.
Кукушкин ширек финалда дүниежүзілік рейтингіде 401-орында тұрған Испания өкілі Даниэль Мерида Агилармен шеберлік байқасты.
Бір сағаттан астам уақытқа созылған матчта Михаил 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Ол 2 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 1 брейкпен шектелді.
Қазақстандық теннисші енді финалға шығу үшін әлемнің 227-ракеткасы, аустриялық Лукас Ноймайер немесе рейтингіде 399-сатыдағы испаниялық Мартин Ландалусенің біреуімен шеберлік байқасады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Жібек Құламбаеваның Үндістандағы жарыстың финалына шыққанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).