Михаил Кукушкин Лос-Кабостағы жарыстан шығып қалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық тенннсиші Михаил Кукушкин Лос-Кабостағы турнирдің бірінші айналымындағы кедергіні еңсере алмады, үш партияда да америкалық Тэйлор Фритцке - 7/6(5), 2/6, 2/6 есебімен ұтылды. Бұл туралы Sports.kz хабарлады.

Жарыс 2 сағат 17 минутқа созылды. Әлемнің 102-ші ракеткасы, 29 жастағы Михаил өз активіне төрт эйс, бір брейк жазды, бір рет допты берген кезде қателесті. Әлемдік тізімде 127-ші орындағы 19 жастағы Тэйлор допты он бір рет өткізді. Бес брейк-пойнт жүзеге асырды. Төрт жұп қате жіберді. Бұдан бұрын ойыншылар кездеспеген.