Михаил Кукушкин Марсельдегі турнирдің екінші кезеңіне өтті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Марсельде (Франция) өтіп жатқан АТР 250 турнирінің сериясында екінші айналымға өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Алғашқы кездесуде Кукушкин америкалық Денис Кудланы екі сет қорытындысы бойынша 6:3, 6:3 есебімен жеңді. 

Келесі кезеңде қазақстандық теннисші канадалық Денис Шаповаловқа қарсы ойнайды. 

Марсельдегі турнирдің жалпы жүлде қоры - 668 485 еуро. 

АТР 250 әлемдік туры - АТР ұйымдастыруымен өтетін кәсіби теннисшілерге арналған турнир. Ерлер арасындағы аталған жарыстар тізбегіне 40 турнир кіреді.