АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 247-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің екінші айналымына өтті.
Қазақстандық теннисші алғашқы кездесуінде дүниежүзілік рейтингіде 337-орында тұрған корт иесі Чарльз Брумды жолдан тайдырды.
М.Кукушкин 6:4, 7:6 (7:3) есебімен Ч.Брумның меселін қайырды.
Бір сағат 50 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында Кукушкин 5 эйспен бірге 6 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды. Ұлыбританиялық спортшы 9 эйспен көзге түсті.
Михаил Кукушкин ширек финалға шығу үшін әлемнің 194-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоре немесе рейтингіде 408-сатыдағы ұлыбританиялық Кайл Эдмунпен (жеңгенімен) таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Әбу-Дабиде ширек финалдан тыс қалғанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).