АСТАНА. KAZINFORM - Қазақстандық теннисші, әлемнің 134-ракеткасы Михаил Кукушкин Порту (Португалия) челленджер турнирінің ширек финалына жолдама алды.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 224-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лоренмен кездесті.
Бірінші партияда тай-брейкте Кукушкин сәтті ойнады - 7:6 (7:4). Екінші сет оңайлау болды - 6:3.
Бір сағат 45 минутқа созылған бәсеке барысында қазақстандық спортшы 4 эйспен бірге 3 брейк-пойнттың екеуін мүлт жібермеді. Бельгиялық теннисші 5 эйс, 1 брейкпен (2 брейк-пойнт) шектелді.
Михаил Кукушкиннің ширек финалдағы қарсыласы кейін анықталады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның кортқа жақын арада оралатыны туралы айтқанын жазған болатынбыз.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).