Михаил Кукушкин «Уимблдонның» үшінші айналымына шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан теннисшісі Михаил Кукушкин Лондонда өтетін 'Уимблдонның' үшінші айналымына шықты, деп хабарлады Vesti.kz.

Екінші айналым ойынында әлемдік рейтингте 63-ші орында тұрған 26 жасар Михаил Кукушкин әлемнің 107-ші ракеткасы 29 жасар канадалық Фрэнк Донцевичпен кездесіп, үш сетте 6:3, 6:3, 6:2 есебімен жеңіске жетті.

Теннисшілер алаңда 1 сағат 32 минут болды. Жеке кездесуде есеп 2:0 есебімен Қазақстан өкілінің пайдасына шешілді.

"Уимблдонның" келесі раундында Михаил Кукушкин турнирдің екінші ракеткасы испандық Рафаэль Надалмен ойнауы мүмкін.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын "Уимблдонның" бірінші разрядында екі қазақстандық теннисші ойынды аяқтады. Андрей Голубев Новак Джоковичке есе жіберсе, ал Александр Недовесов Қытай Тайбэйінің өкілі - Ень-Хсунь Лудден ұтылды.