АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық теннисші, әлемнің 298-ракеткасы Михаил Кукушкин Ноттингем (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда жарысқа арнайы шақырту алған, рейтингіде 441-орындағы франциялық, 19 жастағы Малиж Маэні ойсырата ұтты — 6:3, 6:0.
М.Кукушкин бүгін екінші айналымда рейтингіде 368-сатыдағы германиялық Кристоф Негритумен кортқа шықты. Қазақстандық спортшы бұл кездесуде де айқын басымдылық танытты — 6:2, 6:1.
Бір сағат 22 минутқа созылған бәсекеде Кукушкин 4 эйспен бірге 11 брейк-пойнттың бесеуін өз есебіне жазды. Негриту 3 эйстен аса алмады.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін америкалық Кэннон Кингсли немесе ұлыбританиялық Элистор Грейдің қай жеңгенімен таласады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Анна Данилинаның Брисбен турнирінің жартылай финалына жолдама алғанын жазған едік.
Сондай-ақ Елена Рыбакина Брисбен турнирінің үшінші айналымына өтті.
Тимофей Скатов Үндістандағы жарыстың ширек финалына шықты.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).