АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 136-ракеткасы Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің ширек финалына шықты.
Қазақстандық теннисші екінші айналымда дүниежүзілік рейтингіде 308-орында тұрған корт иесі Пол Джубке қарсы келді.
Бірінші партияда ұлыбританиялық спортшы айқын басымдылық танытты – 6:1. Дегенмен бұдан кейін Кукушкин камбэк жасай білді – 6:3, 6:2.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған бәсекеде Кукушкин 3 эйс, 4 брейкпен (10 брейк-пойнт) көзге түсті. Джубб 3 эйс, 3 брейкке (7 брейк-пойнт) қол жеткізді.
Михаил Кукушкин жартылай финалға шығу үшін әлемнің 201-ракеткасы, тағы бір ұлыбританиялық Билли Харриспен таласады.
Рейтингіде 171-орында тұрған Бейбіт Жұқаев 1/8 финалда әлемнің 105-ракеткасы, аустралиялық Джеймс Даквортты ұта алса, ол да ширек финалға жолдама алады.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гарроста Елена Рыбакинаның жартылай финалдан тыс қалғанын жазған болатынбыз.
Италиядағы турнирде Данилина мен Құламбаева финал жолдамасын сарапқа салады.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).