АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық, әлемнің 136-ракеткасы Михаил Кукушкин Сурбитон (Ұлыбритания) челленджер турнирінің 1/8 финалына өтті.
Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 246-орында тұрған ұлыбританиялық Артур Феримен бетпе-бет келді.
М.Кукушкин 6:3, 6:2 есебімен айқын басымдылық танытты. 1 сағат 5 минутқа созылған бәсеке барысында ол 3 эйс, 3 брейкпен (4 брейк-пойнт) көзге түсті.
Михаил Кукушкиннің келесі қарсыласы кейін анықталады.
Тағы бір қазақстандық, әлемнің 171-ракеткасы Бейбіт Жұқаев бірінші айналымда рейтингіде өзінен төрт саты төмен тұрған америкалық Максим Крессимен кортқа шығады.
Рейтингіде 199-орындағы Тимофей Скатов Простеёв (Чехия) челленджер додасының алғашқы айналымында әлемнің – 54, осы жарыстың 1-ракеткасы, сербиялық Ласло Дьереден өте алмады – 4:6, 2:6.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ролан Гаррос турнирінде Рыбакинаның Токиода кеткен есені қайтарып, ширек финалға шыққанын жазған болатынбыз.
Сондай-ақ Жібек Құламбаева Италияда негізгі жарысқа жолдама алды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).