Михаил Кукушкин үшін Франциядағы жарыс сәтті басталды

Фото: ҚТФ

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық теннисші, әлемнің 266-ракеткасы Михаил Кукушкин Сен-Брие (Франция) челленджер турнирінің екінші айналымына шықты.

Қазақстандық теннисші алғашқы айналымда әлемнің 266-ракеткасы, ұлыбританиялық Джордж Лоффагенге тап келді.

Бірінші партияда Кукушкин брейк жасап, 1:0 есебімен алға шыққаннан кейін Лоффаген матчты жалғастырудан бас тартты. 

Михаил ширек финалға шығу үшін франциялықтар, әлемнің 95-інші, осы жарыстың 2-ракеткасы Уго Гастон немесе рейтингіде 268-орындағы Саша Геймардтың қай жеңгенімен таласады. 

Тағы бір қазақстандық, рейтингіде 92-сатыдағы Александр Шевченко Дубай ATP 500 турнирінің алғашқы айналымында әлемнің 16-ракеткасы, ресейлік Карен Хачановтан өте алмады – 7:6 (7:5), 2:6, 3:6.

Қазақстанның бірінші, әлемнің 10-ракеткасы Александр Бублик екінші айналымда рейтингіде 25-орындағы нидерландылық Таллон Грикспурмен ойнайтын болды. 

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Александр Бубликтің жекелей сында Дубайдағы турнирдің екінші айналымына өткенін жазған едік.