Михаил Кукушкин Ыстамбұлдағы Челленджер сериялы ірі турнирдің жартылай финалына өтті

None
АСТАНА. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин (АТР 92 рейтнгі) Ыстамбұлдағы Челленджер сериялы ірі турнирдің жартылай финалына өтті. Ширек финалда Михаил Кукушкин 6:2,6:2 есебімен ресейлік Константин Кравчукты (АТР 156 рейтингі) жеңді,

деп хабарлайды ҚР Теннис федерациясының баспасөз қызметі.

Финалға шығу үшін Кукушкин енді португалиялық Фредерик Жилмен (АТР 84 рейтингі) бәсекеге түсуі керек.