Михаил Шайдоров Golden Spin турнирінде күміс жүлдегер атанды

Мәнерлеп сырғанаудан Хорватия астанасы Загребте өткен ISU Challenger санатындағы Golden Spin турнирінде қазақстандық Михаил Шайдоров күміс жүлдегер атанды. Kazinform туралы Ұлттық олимпиада комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: olympic.kz

Шайдоров қос бағдарлама қорытындысы бойынша 235,29 ұпай жинап, күміс жүлдеге қол жеткізді.

Алтын медальді әлем чемпионатының жүлдегері, қытайлық Цзинь Боян иеленген.

Оның қорытынды ұпайы — 258,67.

Үздік үштікті эстониялық Александр Селевко түйіндеді — 224,24 ұпай.

Михаил Шайдоров жақында өткен Гран-при турнирінде қола медаль жеңіп алғанын айта кетейік.