Жарыс аясында ерлер арасындағы жеке сырғанаудың қысқа бағдарламасы өтті.
Қазақстандық Михаил Шайдоров 89.67 ұпай жинады. Бұл нәтижемен ол аралық үшінші орынға табан тіреді.
Жапониялық Казуки Томоно бірінші орында - 95.77 ұпай. Екінші орында Франция спортшысы Кевин Аймоз - 93.56 ұпай.
Айта кетейік, Токиода XXV жазғы Сурдлимпиада ойындары басталды.