Михаил Шайдоров ISU әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Халықаралық конькишілер одағының (ISU) жаңартылған әлемдік рейтингінде екінші орынға көтерілді, деп хабарлайды ISU .

Фото: ҰОК

Спортшының еншісінде 4193 рейтингтік ұпай бар.

Әлемдік рейтинг көшін АҚШ өкілі Илья Малинин 4590 ұпаймен бастап тұр. Үшінші орында 4123 ұпай жинаған жапониялық Юма Кагияма орналасқан.

Михаил Шайдоров үшін бұл – ISU әлемдік рейтингіндегі ең жоғары көрсеткіш.

Бұған дейін қазақстандық спортшы Братиславада өткен ISU Challenger сериясындағы «Мемориал Ондрей Непела» турнирінде қола жүлдегер атанды.

Бұл жарыс ол үшін 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарынан кейінгі алғашқы халықаралық дода болды.