Михаил Шайдоров кімді үлгі тұтатынын айтты

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстанның олимпиада чемпионы Михаил Шайдоров Instagram желісінде оқырмандарымен сұрақ-жауап өткізіп, өзінің спорттағы басты кумирін атады, деп хабарлайды informsports.kz.

Фото: Айжан Kazinform

Жанкүйерлердің бірі оған «Who is your Idol?» («Сіздің кумиріңіз кім?») деген сұрақ қойған. Бұған жауап ретінде Шайдоров қазақстандық бокс аңызы Геннадий Головкиннің ресми парақшасын белгілеп, «the greatest of all time» («барлық уақыттың ең ұлы спортшысы») деп жазды.

Сондай-ақ ол жарияланымына Геннадий Головкинмен бірге түскен естелік суретін қоса бөлісті.

Фото: Сали Сабиров / ҰОК

Шайдоров 2026 жылы Қазақстан тарихында мәнерлеп сырғанаудан тұңғыш Олимпиада чемпионы атанып, елдің қысқы Олимпиада ойындарындағы екінші алтын жүлдегері болды. Бұған дейін бұл жетістікке тек шаңғышы Владимир Смирнов қол жеткізген еді.

Бұдан бөлек, Михаил Шайдоровтың қоржынында әлем чемпионатының күмісі, Төрт құрлық чемпионатының алтыны, 2025 жылғы Азия ойындарының қоласы, Қазақстан чемпионатының бес алтын медалі және жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатының күмісі бар.

Ал Геннадий Головкин әуесқой бокста әлем чемпионы атанып, Олимпиаданың күміс жүлдесін жеңіп алған. Кәсіпқой рингте WBA, WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы болды. Қазір ол Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті және World Boxing ұйымының басшысы қызметін атқарады.

Шайдоровтың келесі көпшілік алдындағы өнер көрсетуі 9 тамызда Францияның Анже қаласында өтетін L’Art du Patinage мұз шоуында болады. Ал 2026/27 маусымында ол ISU Гран-при сериясының Франция және Қытай кезеңдеріне қатысады.