Әлбетте, «Астана арландары» клубының басшылығы румын жігітін командада қалдырғысы келген. Бірақ қанша келіссөздер жүргізгенімен, Нистор Қазақстанда қалғысы келмеді. Жаңа маусымның алдында «Милан найзағайымен» келісімшартқа отырып, Италияға көшіп кетті.
«Қазақстан Румынияға тым алыс болды. Жақындарыммен, туыс, бауырларыммен көрісуім тым сиреп, елге ілуде бір келіп жүрдім. Сүйіктіммен де көрісе алмай қиналдым. Ал Италия Румынияға жақын. Менталитетіміз де ұқсас. Қазір сүйіктім қасымда. Дегенмен «Астана арландарының» басшылығына да алғысым шексіз. Қазақстанды ешқашан ұмытпаймын», - деді румыниялық легионер.
Естеріңізге сала кетейік, Нистор италиялықтардың сапында шаршы алаңға шығып та үлгерді. Бірінші турда аргентиналық Факундо Гиглионмен жұдырықтасып, екінші раундтың соңында техникалық нокаутпен жеңіске жеттіғ деп жазады alasharena.kz.